$ 494.87  520.65  4.91

Артында 5 айлық сәбиі қалды: Маңғыстауда жас жігіттің денесі табылды

1995 жылы жылы туған азаматтың денесін құтқарушылар келгенше жағалауда жүрген адамдар шығарып алған.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданы, Сайын Шапағатов ауылы тұсындағы теңіз жағалауында 24 жастағы жігіттің денесі табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға 8 маусым күні болған. Шақырту сағат 20-40 шамасында түскен.

1995 жылы жылы туған азаматтың денесін құтқарушылар келгенше жағалауда жүрген адамдар шығарып алған. Оның артында отбасы мен 5 айлық сәбиі қалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Маңғыстау