$ 443.35  475.54  4.82

Оралда 10 айлық сәби ауруханада көз жұмды

Дәрігерлер бүлдіршіннің өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Оралда 10 айлық сәби ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, сәби облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде бактериялық жұқпадан көз жұмды. 

Дәрігерлер бүлдіршіннің өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. 

«Күн сайын консилиумдар жүргізілді. Телемедицина арқылы республикалық аналар  мен балалар орталығы мамандарынан кеңес алынды. С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті балалар аурулары кафедрасының доценті көзбе-көз кеңес берді. Соған қарамастан, бала 10 маусым күні жан тапсырды», - деді А.Сақпосынова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары