Маскүнем әкесінен әбден қорлық көрген қыз жан сырын ақтарды. Әкесінің әрекеттерінен шаршаған оның хатын Instagram әлеуметтік желісіндегі «Әйел сыры» парақшасы жариялады.
«Әкем арақ ішсе, анамды өлтіріп ұрып тастайды. Осы күндері пышаққа дейін тығатын болды. Арақ ішпесе, жақсы. Арақ ішсе, шайтан сияқты болып кетеді. Ішімдегіні айтып жеткізе алмаймын, анам өліп қала ма деп қорқамын. Кезінде үш қабырғасына дейін сындырған», – деп жазды ол.