$ 444.22  476.38  4.82

Астана маңындағы жолдар жабылды

23 қараша күні кешкі сағат 18.23-тен бастап жаңбырға және көктайғаққа байланысты «Астана-Көкшетау», «Астана-Павлодар» тас жолдары барлық көлік түрлері үшін жабылды. 

Сондай-ақ ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайтында хабарланғандай, Ақмола облысында келесі жол учаскелерінде барлық көліктер үшін қозғалыс шектелді: «Астана-Петропавл» (231-293 км, 304-341 км), «Көкшетау-Рузаевка» (0-61 км.), «Көкшетау-Омбы» (2-50 км), «Көкшетау-Атбасар» (0-184 км), «Бурабай курорттық аймағы» (0-66 км), «Астана-Ерейментау-Шідерті» (16-205 км), «Астана-Петропавл» (18-230 км).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары