$ 444.32  473.33  4.76

Жүргізуші қыздарға шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Астанада жүргізуші қыздарға шабуыл жасаған күдікті ұсталды деп хабарлайды сейсенбіде елордалық ІІД баспасөз қызметінен.

Полицияның мәліметінше, қылмыс 19 қарашада сағат кешкі алтылар шамасында жасалған. Белгісіз тұлға «Алаш» тасжолының бойында рөлде 25 жастағы қыз отырған «Лада Гранта» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Оның жанында жолаушылар орындығында оның жолдасы отырған. Ер адам қыздардан оны Қоянды кентіне дейін жеткізіп салуын өтінген. Жолда келе жатып ол қыздарға қысқа жолды білетінін, сонымен жүру керектігін айтқан, оған қыздар келіскен. Ол алдау жолымен қыздарды тасжолдан бұрылып, далаға қарай жүруге мәжбүрлеген.

"Одан кейін күдікті жүргізуші қызға және жолаушы қызға шабуыл жасап олардың ұялы телефоны мен зергерлік бұйымдарын иемденген. Артынша автокөліктің рөліне отырып, қала жаққа қарай кетіп қалған. Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының барысында полиция қызметкерлері бір тәулік ішінде 24 жастағы Астана қаласының тұрғынын анықтап, ұстаған",-делінген хабарламада.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 191 (тонау) және 200 (автокөлікті заңсыз иемдену) баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Күдікті Астана қаласы ІІД Уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Осыған ұқсас бірнеше қылмыстар жасағаны белгілі. Тергеп-тексеру жүргізілуде.
Сонымен қатар, ұсталғанға қатысты тағы бір ауыр қылмыс жасады деген күдікпен терегу жүргізілуде. Жәбірленуші 26 қарашада сағат 17.00 шамасында белгісіз біреу көлік тоқтатып, Қоянды кентіне апаруды өтініп, содан кейін қала сыртына шыға бере баратын жолды қысқартуды айтып, таса жерге алдап әкеліп, күш көрсетумен қорқытып, зорлағанын, содан кейін жеке мүлкі (ұялы телефон) мен ақшалай қаражатын тарып алғаны жөнінде арызданған. Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 120-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүгізілуде.
Қазіргі кезде ұсталған тұлғаның басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары