11.06.2019, 14:26

Қайрат Нұртас: «Халқымның қаны төгілсе қарап қалмаймын»

Фото: 7kun.kz
Атақты әнші халықты қамаудан босатуын сұрап, желіде жазба қалдырды.

«Соңғы жаңалықтарға байланысты айтарым, xалқымның қаны төгілсе қарап қалмаймын. Өйткені мені көтерген xалық! Елімде болып жатқан жайттарды көріп, үнсіз отыра алмаймын. Бірақ, 1986 жылғы оқиғаның қайталанғанын қаламаймын. Биліктегілерге xалықтың мұң-мұқтажын еститін кез келді», - деді Қайрат.

Сонымен қатар, Конституцияның бірінші байлығы – халық екенін де атап, үкіметтен қамаққа алынған халықты босатуын сұрады.

Бүлік шыққан мемлекет оңбайды деген әнші жұртшылықты сабырға шақырды.