11 маусым күні сағат 21:00-де Ақтауда жолаушылар автобусы өртеніп кетті, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 16-шағынаудандағы кафелердің бірінің маңында болған. Видеодан жолдың қақ ортасында қызыл жалынға оранған автобус маңынан өзге көліктердің де өтіп жатқанын аңғаруға болады.
Тілсіз жау сағат 21:15-те сөндірілді. Қызыл жалынды сөндіруге 2 өрт сөндіру техникасы мен 8 өрт сөндіруші жұмылдырылды.
Автобостың түгі қалмай жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.
Дереккөз: Lada.kz