$ 447.4  477.55  4.76

Елімізге 2 тонна үйрек етін заңсыз әкелмек болғандар ұсталды

Еліміздің оңтүстігіндегі «Қарасу-авто» бақылау-өткізу бекеті арқылы Қырғызстаннан Қазақстанға 2 тонна үйрек етін заңсыз өткізбек болған екі азамат қолға түсті деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Күдіктілер контрабанданы «Мицубиси Делика» көлігіне артып өтпек болған. Оларды тексеру кезінде жүкті ел аумағына кіргізуге рұқсат беретін бірде-бір құжаттары болмаған. 

Ұсталғандардың айтуынша, олар Қырғыз Республикасынан құс етін әкелуге болмайтындығын білмеген көрінеді. Дегенмен, заңды білмеу күдіктілерді жауапкершіліктен босатпайды. 

Аталған дерек бойынша жергілікті құқыққорғау органдары хабарландырылды. Құс еті Қарасу елдімекенінің санитарлық-ветеринарлық қызметіне берілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары