23.11.2015, 05:57

Астанада отандық өнімдер көрмесі өтеді

Астанада «Қазақстанда жасалған – Сделано в Казахстане» отандық өнімдердің Көрме – Жәрмеңкесі өтеді.

Көрмеге елімізде өндірілген киім, үй тоқымасы, кілем бұйымдары, тұрмыстық химия тауарлары, косметикалық құралдар секілді түрлі өнімдер қойылады.

Аталған шара 28 және 29 қараша күндері сағат  10.00-ден  22.00-ге дейін  «Astana Mall» (Тәуелсіздік, 34) сауда орталығында өтеді. Отанды қолдау, отандық өнімді қолдаудан басталады.