$ 494.87  520.65  4.91

Түркістанда суық қаруланып, полицияға бағынбаған Астана тұрғыны ұсталды

Күдіктіні тәртіп сақшылары Түркістан қаласындағы көшелердің бірінде қолға түсірген. Ол «Линкольн-Навигатор» жол талғамайтын көлігімен жол-патрульдік полициясының өкілдеріне бағынбай, Шымкент-Самара тас жолында полицейлерден қашқан деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

 

Күдіктіні ұстау үшін қалада арнайы операция жүргізілді. Нәтижесінде 1989 жылы туған Астана қаласының тұрғыны қолға түсіп отыр. Оның көлігін тінту барысында травматикалық тапанша мен екі қалтаға салынған марихуанаға ұқсас есірткі заты табылды. Тексере келе аталған заттың расымен де 2 келі марихуана екені анықталды.

Осы жайтқа байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 287 және 296 баптары бойынша іс қозғалды. Күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары