13.06.2019, 12:43

Мемлекет қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екі ведомствоға бөлінді

Фото: kapital.kz
Екі агенттік те Президентке тікелей бағынады және есеп береді.

Мемлекет қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екі ведомствоға бөлінді. Президент тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі болып қайта аталды.

Сонымен қатар, агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ретінде қайта құрылды. Аталмыш агенттік сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтарын анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын құқық қорғау органы болып табылады.

Ал, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызмет және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасының сақталуын бақылау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ретінде белгіленді.

Екі агенттік те Президентке тікелей бағынады және есеп береді.