$ 498.34  519.72  4.85

«Клоун - сайқымазақ»: митингіде қамалғандарды босатуды сұраған Қайрат жұрттың сынына жауап берді

Одан бөлек, жастардың өкілі ретінде Президенттен өзін қабылдауын сұраған.
Фото: Ult.kz
Фото: Ult.kz

Елді татулыққа шақырған атақты әнші намысына тиетін сөздерді естіген. Бұл туралы ол өз Instagram желісінде жазды.

«ҚР азаматы ретінде, 4 баланың әкесі ретінде елді татулыққа шақырғаныма, "клоун", "екіжүзді" деген сөздерді, тіпті намысыма тиетін сөздерді жазыпты. Ия, мен Нұр Отанның делегатымын. Ия, мен Тоқаевқа дауыс бердім, себебі ол кісіден басқа лайықты кандидат көрмедім. Ия, мен Нұр Отанның съезінде ән айттым, өйткені мен әншімін. Егерде ол жаққа тығылып барып, инстаграмда басқаша сөйлеп отырсам, әңгіме басқаша болар еді», - деп жазды Қайрат.

Сомен қоса, Үкіметтен шеруде қамалғандарды босатуын сұраған алдыңғы жазбасы нәтижелі болғанын айтқан.

«Кеше Қасым-Жомарт Кемелұлы барлық шеруде қамалғандарды заңға сәйкес босатуды бұйырды. Бұл да бір мұздың қозғалғаны», - дейді әнші.

Халықтың аманатын әлеуметтік желіде жеткіземін деген ол Президентке үндеуін жасады.

«Ең бірінші мәселе, жастардың жұмыссыздығы. Оқу бітірген көп жастар қайда барарын білмей қаңғып жүр. Екінші, қарапайым xалықтың алатын айлығы өте аз. Сол себепті де көп адам ашынып отыр! Ешбір қазақтың жыламағанын сіз де, мен де қалаймыз!», - деп жазбасын аяқтаған.

Одан бөлек, жастардың өкілі ретінде Президенттен өзін қабылдауын сұраған.

Ал, әншінің бұл жазбасына оқырмандары әр түрлі пікірлер қалдыруда. Кейбірі «Қайтып өшіріп тастама, сенімді түрде жаздың ба? Әлі уақыт бар ойлан!», «Екіжүзді екенсің», «Өзіңе көп ала бермеші» деп сынаса, қалғандары Қайратты қолдап жатыр.

Еске сала кетейік, осыған дейін әнші үкіметтен қамауға алынған халықты босатуын сұрап жазба қалдырған болатын. Бірақ, ол жазбасын өз желісінен алып тастаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары