Алматының Түрксіб ауданындағы Мерқұлов көшесінде орналасқан жекеменшік үй өртке оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше жағдай туралы хабарлама түскі 13:37-де түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде үйдің каркас пен қамыстан соғылған шатыры өртеніп жатқан.
Дер кезінде келген өрт сөндірушілер жапсарлас орналасқан үйлерді жалын шарпуына жол бермей, үйден 3 газ баллонын алып шықты. Өрт 14:01 шамасында ауыздықталып, өшірілді.
Тілсіз жау 240 шаршы метр аумақты жарамсыз етті.
Өртті сөндіруге 24 қызметкер мен 6 техника жұмылдырылды. Төтенше жағдайдан ешкім жапа шеккен жоқ.