$ 447.4  477.55  4.76

Ринат Зайытов: «Тек уақыт беріңіздер, қалғанын кейін айтайын»

«Әзірге тыныштық. Маңайымдағы адамдардың қайсысы жанашыр, қайсысы арандатушы екені ептеп білініп келеді», - деді Ринат.
Фото: Today.kz
Фото: Today.kz

Айтыскер Ринат Зайытов өзін айыпты екенін айтып, халықтан кешірім сұрады. Ол бұл туралы өз Instagram парақшасында жазған.

«Әзірге тыныштық. Маңайымдағы адамдардың қайсысы жанашыр, қайсысы арандатушы екені ептеп білініп келеді», - деді Ринат.

Оның айтуынша, өзі алданған өтірікке халықты сендірген. Сондықтан желіде емес, ел алдына шығып кешірім сұрағанын қылмыс емес деп біледі.

«Әблязовқа, Қосановқа айтарым еркек болса, елден кешірім сұрасын. Ешқашан ешкімнен ақша да, басқа да алып, елімді алдаған емеспін. Солай болып қаламын! Ұлтым үшін туғанымды өлгенше дәлелдеп өтуге дайынмын! Тек уақыт беріңіздер, қалғанын кейін айтайын», - деп аяқтады жазбасын.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ринат Зайытов Қосановты қолдағаны үшін халықтан  кешірім сұраған болатын. Дәл сол сәтте бір топ полицей күштеп алып кеткен еді. Кейін айтыскерлермен бірге жүз шақты адам Алматыдағы «Алатау» кинотеатрының алдына «Ринатты көрмей кетпейміз!» деген ұранмен наразылыққа шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары