13.06.2019, 17:31

Алматыда қамыстан салынған жекеменшік үй өртенді

Фото: ҚазАқпарат
Дер кезінде келген өрт сөндірушілер жапсарлас орналасқан үйлерді жалын шарпуына жол бермей, үйден 3 газ баллонын алып шықты. Өрт 14:01 шамасында ауыздықталып, өшірілді.

Алматының Түрксіб ауданындағы Мерқұлов көшесінде орналасқан жекеменшік үй өртке оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ІІМ  ТЖК баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше жағдай туралы хабарлама түскі 13:37-де түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде үйдің каркас пен қамыстан соғылған шатыры өртеніп жатқан. 

Дер кезінде келген өрт сөндірушілер жапсарлас орналасқан үйлерді жалын шарпуына жол бермей, үйден 3 газ баллонын алып шықты. Өрт 14:01 шамасында ауыздықталып, өшірілді. 

Тілсіз жау 240 шаршы метр аумақты жарамсыз етті. 

Өртті сөндіруге 24 қызметкер мен 6 техника жұмылдырылды. Төтенше жағдайдан ешкім жапа шеккен жоқ.

Тегтер: Алматы өрт