$ 498.34  519.72  4.85

Үш тоннаға жуық ішімдік контрабандасының жолы кесілді

Қазақстан Ресей шекарасында 3 тоннаға жуық спирттік өнімдер контрабандасының жолы кесілді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі таратқан мәлімет бойынша, Батыс Қазақстан облысындағы «Жәнібек» (автомобильдік) бақылау бекетінің шекарашылары бір тәулік ішінде спирттік ішімдіктерді заңсыз өткізуге тырысқан төрт бірдей іс-әрекеттің жолын кесті.

«Бірінші жағдайда, еліміздің азаматы «Скания» автокөлігіне тиелген 200 литр ішімдікті Ресей жеріне қарай тиісті құжаттарсыз өткізуге әрекеттенді. Бұдан басқа үш жағдайда керісінше Ресей азаматтары 825 л, 400 л және 1320 литр ішімдікті заңсыз өтікізуге тырысты. Арақ-шараптың жалпы салмағы 2 745 литрді құрады», делінген хабарламада.

Аталған азаматтар алкогольді өнімдерді тиісті құжатсыз шекарадан алып өтпек болғандары үшін жауапкершілікке тартылатын болады.

Аталған деректер бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары