$ 494.87  520.65  4.91

«Қарыздармын»: ауруханада жатқан Әміржан Қосанов жұрттан кешірім сұрады

Сонымен қатар, өз жеңілісінің себебін де түсіндірді. Оның айтуынша, Әблязов пен оның жақтастарының күйе жағуы, оппозициядағы әріптестерінің қолдамауы және дауыс беруге «бойкот» жариялаушылар жетістікке жетуіне кедергі болыпты.
Фото: ktk.kz
Фото: ktk.kz

Жүйке мен жүрегіне салмақ түскен Әміржан Қосанов Президент сайлауынан кейін ауруханаға түсті. Бұл туралы Қосанов Facebook парақшасында жариялаған.

«Мені қолдаған барша сайлаушыға шын жүректен алғысымды айтамын! Осы күндері шаршамай-шалдықпай, бір тиын қаржылай көмексіз азаматтық парызын адал атқарған штаб өкілдері мен барлық волонтерге, насихатшылар мен бақылаушыларға алғысым шексіз! Мен сіздерге өмір бойы қарыздар болып өтемін!», - деп бастады жазбасын ол.

Сомен қатар, экс кандидат қоғамды оятқан халық екеніне баса назар аударды.

«Осы сайлаудың жаңаша бір ерекшелігі бақылаушылар болды деп санаймын! Сіздердің бақылауларыңсыз қорытынды басқаша болар еді!», - деді Қосанов.

Сонымен қатар, өз жеңілісінің себебін де түсіндірді. Оның айтуынша, Әблязов пен оның жақтастарының күйе жағуы, оппозициядағы әріптестерінің қолдамауы және дауыс беруге «бойкот» жариялаушылар жетістікке жетуіне кедергі болыпты.

«Мен осы күнге дейін жария етіп келе жатқан ешбір бағдарламалық мәлімдемелерім мен принциптерімнен бас тартпаймын! Демократиялық құндылықтарды қорғау мен қоғам мен билік арасындағы диалогты орнату жолында қызметімді жалғастыра беремін!», - деп өрбітті жазбасын.

Президент бола алмағаны үшін заңсыз акцияға шақырмайтынын айта отырып, Қосанов биліктен митинг барысында ұсталған тұтқындарды босатуын сұрады.

«Сайлау барысында күні-түні ұйқысыз жүрдім. Шаршағаным бар. Жүрек пен жүйкеге біраз салмақ түссе керек. Кеше ауруханаға түсіп қалдым. Сол жақтан жазып отырмын», - деп аяқтады жазбасын ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары