$ 444.22  476.38  4.82

«Қуады осылар»: мектеп бітіру кешінде билеген ата-аналар сынға ілікті (ВИДЕО)

Мектеп бітірген оқушыларға осылайша сыйлық жасағысы келген аналар қауымын жұртшылық сынап тастады.

Түлектер кешінде билеген ата-аналар желіні шулатты. Видеода қаз қатар тұрған бірнеше ата-ана шетелдік әнге бірдей қимылмен билеген. Мектеп бітірген оқушыларға осылайша сыйлық жасағысы келген аналар қауымын жұртшылық сынап тастады.

«Жастарыңызға қарай би таңдамадыңыздар ба?», «Қуады осылар», «Ерсі көрінеді», «Балаларының кейін естерінде жүретіндей мағыналы, мәнді өлең оқымай ма», «Ата-аналар осылай құтырса, бала-шаға қайда барады?», «Балаларына өкпем жоқ, аналары осылай билесе», «Қазақша би табылмады ма?», «Күшті биледік деген шығар өздерінше», - деп шулады желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары