Сәбидің ата-анасының айтуынша, жеке үйлердің маңында жылқы 5 жасар баланың бетінен теуіп жіберген, деп хабарлайды InAktau.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
5 жасар бала 8 маусымда облыстық ауруханаға жеткізілген. Сәби жабық бас-ми жарақатын алған. Жақ сүйегі сынған. Ерні жыртылған.
Қазір сәбиді дәрігерлер операцияға дайындап жатыр.
Еске сала кетейік, сәуір айында Маңғыстауда жылқы 13 жастағы баланың бетінен теуіп жіберген болатын. Ауыр бас-ми жарақатын алған ол ауруханаға жатқызылған.