$ 494.87  520.65  4.91

Ақша үнемдеудің 5 жолы

Өмірде алда не күтіп тұрғаны бәрімізге беймәлім. Маңызды заттар мен күнделікті қажеттіліктердің арасында маңыздысы не екенін айыру көбіне қиынға соғады. Сонымен, үнемдеу не үшін қауіпті?

Өмірде алда не күтіп тұрғаны бәрімізге беймәлім. Маңызды заттар мен күнделікті қажеттіліктердің арасында маңыздысы не екенін айыру көбіне қиынға соғады. Сонымен, үнемдеу не үшін қауіпті?

ШЫҒЫН ШЫҚПАЙ, КІРІС КІРМЕС

Отбасылық бюджетті сақтап қалу үшін адамдар арзан әрі сапасыз заттар алады. Нәтижесінде сатып алынған аяқ киім бірнеше күн ішінде тозып кетеді. Сіз оларды жөндеуге немесе жаңадан сатып алуға тиіссіз.

Сапасыз материалдардан жасалған киім алғашқы жуу кезінде түсі өзгереді, тез жыртылады немесе теріге аллергия туғызуы мүмкін, деп жазады woman.rambler.ru

ҮНЕМДЕУГЕ ДЕГЕН ҚҰШТАРЛЫҚ ОТБАСЫДАҒЫ БАРДАН АЙЫРАДЫ

Егер адам ұзақ уақытқа бәрінен бас тарта берсе, өзінің не қалайтынынан жаңыла бастайды. Сатып алу кезінде тек қажеттіліктерге ақша жұмсау – адамның ойына басқа керекті заттарсыз өмір сүруге болады деген ой салады. Әйелдер маникюрсіз, шашты сәндемей, жаңа топтамадығы киімдер алмай-ақ өмір сүре алатыны анық. Сізге біраз уақытқа таза ауада серуендемей, үйден шықпай да отыруға болады. Бірақ одан келер зиян қандай?

Әйел адамның өзін отбасы жағдайы үшін құрбан етуі жолдасының көп ақша табуға деген ынтасын төмендетеді. Байлыққа жол осы жерден бітеді.

ЕР МЕН ӘЙЕЛДІҢ АРА-ҚАТЫНАСЫ НАШАРЛАЙДЫ

Әйел адамның өзгелер үшін өзін қажеттілігінен айыруы отбасы алдындағы маңыздылығын жоғалтады. Басқаша өзінің маңызын арттыру жолын таппай қиналады. Сондықтан, сүйіктісінің өзі түсінгенін күтіп, іштей өзін жеумен болады. Әйел адам отбасының назарын қажет етіп тұрады. Ол жеткілікті мөлшерде болмағандықтан, ерлі-зайыптылардың арасы суып бастайды.

ДЕНСАУЛЫҒЫ НАШАРЛАЙДЫ

Азық-түліктерді арзан бағамен сатып алуға тырысып, сапаға емес, ақшаның ығына жығылсаңыз, өзіңіздің денсаулығыңызға зиян келтіресіз. Дәрігерге баруды кейінге қалдырып, қауіпті аурулар болған жағдайда бойыңызға өткізіп аласыз. Уақытында емделмеген ауру асқынып, қалтаңызға да ауыр соқтыруы мүмкін.

ЖЕКЕЛІК МАҒЫНАСЫ ЖОҒАЛАДЫ

Ноутбук сияқты қымбат дүниені сатып алған кезде сіз айына 200 доллар бөлуге шешім қабылдайсыз. Алты айдан кейін сіз қалаған мақсатқа жетесіз, бірақ спортзалға, кинотеатрға немесе театрға барудан бас тартуға тура келеді.

Содан кейін сіз жаңа теледидар немесе смартфон сатып алуды шешесіз. Ақша үнемдеу үшін несиеге ақша аласыз немесе тағы да үнемдеуге кірісесіз. Бұл процесс ешқашан аяқталмайды.Сондықтан үнемдеудің де өз орны бар екенін біліп жүргеніңіз жөн.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары