$ 494.87  520.65  4.91

«3 сағат бойы қорлаған»: 15 жастағы нұрсұлтандық қызды ұрып, зорламақ болған

Желі қолданушылары қыздың анасын қолдап, оны қылмыскердің жақын арада табылатынына сендіріп жатыр.
Фото: Тайный мир
Фото: Тайный мир

15 жастағы қызды 20-дағы жігіт әбден қорлап, зорламақ болған. Бұл туралы қыз баланың анасы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

«Менің қызымды бір бұзақы зорламақ болды. Жасы – 20-да. Қызымды әбден сабаған. 3 сағат бойы қорлаған. Аулаға сүйреп әкеп, зорламақ болған. Әрең дегенде қашып құтылған. Қайта бейнебақылау камерасына бәрі жазылып қалған. 

Полицияға шағым түсірдім. Бірақ әлі таппай жатыр. Құдды жер астына түсіп кеткендей», – деп жазды ол. 

Желі қолданушылары қыздың анасын қолдап, оны қылмыскердің жақын арада табылатынына сендіріп жатыр. 

Елордалық полиция департаментінің хабарлауынша, осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: NewTimes.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары