17 маусым күні сағат 12:00 шамасында Лермонтов көшесіндегі 2 қабатты көлік жөндейтін мекеме жарылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК-нің баспасөз қызметі.
Құтқарушылардың хабарлауынша, мекеменің 90 пайызы өртеніп кеткен.
«Көлік жөндейтін мекемеде газ құбыры жарылды. 7 адам зардап шекті. 6-ауы ауруханаға жеткізілді. 1-уіне алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйіне қайтарылды. Оқиға болған жерде жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Газ және электр жүйесі уақытша ажыратылды», – деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК-нің баспасөз қызметі.
Дереккөз: NewTimes.kz