17.06.2019, 14:48

Қостанайда жарылыстан 7 адам зардап шекті (ФОТО)

Фото: ҚР ІІМ ТЖК-нің баспасөз қызметі
Құтқарушылардың хабарлауынша, мекеменің 90 пайызы өртеніп кеткен.

17 маусым күні сағат 12:00 шамасында Лермонтов көшесіндегі 2 қабатты көлік жөндейтін мекеме жарылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК-нің баспасөз қызметі. 

Құтқарушылардың хабарлауынша, мекеменің 90 пайызы өртеніп кеткен. 

«Көлік жөндейтін мекемеде газ құбыры жарылды. 7 адам зардап шекті. 6-ауы ауруханаға жеткізілді. 1-уіне алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйіне қайтарылды. Оқиға болған жерде жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Газ және электр жүйесі уақытша ажыратылды»,  –  деп хабарлайды  ҚР ІІМ ТЖК-нің баспасөз қызметі. 

Дереккөз: NewTimes.kz