18.06.2019, 18:38

Асқар Жұмағалиев цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне тағайындалды

Фото: Tengrinews.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Жұмағалиевті цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне тағайындады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Жұмағалиевті цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне тағайындады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын», - делінеді жарлықта.