Youtube ғаламтор желісінде мәскеулік нөмірлі BMW көлігінің жүргізушісі жол ережесін сақтамағаны жөнінде ескерту жасаған егде жастағы адамды қасақана басып өтіп, міз бақпастан оқиға орнынан тайып тұрғаны туралы видео пайда болды. Бейнежазбаны олардың артын ала тоқтаған көліктің бейнекамерасы түсіріп алған болатын.
Зардап шегуші Nissan автокөлігін басқарып келе жатқан. Бағдаршамға аялдаған тұста ол артына келіп тоқтаған көлікке жақын келіп, өз наразылығын білдіреді. Соған қарағанда екі жүргізуші оған дейін жолды бөлісе алмаған сыңайлы. Бірақ егде адам BMW жүргізушісін балағаттап немесе қол жұмсаған жоқ, сабырлы түрде әлденені ескертті.
«Жауап» ретінде BMW жүргізушісі өз көлігіне қайтып бара жатқан ер адамды қасақана басып өте шықты да, өтіп барып тоқтап, көлігінен шықты. Бірақ ол жапа шегушіге көмектесу үшін емес, өз көлігіне зақым келген-келмегеніне көз жеткізу үшін шығыпты. Қылмыскер жерде жатқан адамға қарамастан кетіп қалады.