25.11.2015, 06:43

Тоқаев Түркияның ұшақ атып түсіруін "негізсіз" деді

Түркияда атып түсірілген Су-24 ұшағы төңірегіндегі оқиғаның Түркия мен Ресейдің екі жақты қарым-қатынасы үшін «аса ауыр» зардаптары болуы мүмкін.

 

Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мәлім етті.

Сейсенбі күні Түркияның әуе күштері Сириямен шекаралас аймақта ресейлік Су-24 әскери ұшағын атып түсірді. Ұшқыштардың бірінің қаза тапқаны белгілі болды, алайда, кейін БАҚ-та екінші ұшқыштың да қаза болғаны хабарланды.

Өз кезегінде Ресей президенті Владимир Путин Түркия әскери әуе күштерінің ресейлік Су-24 ұшағын атып түсіруі жайлы оқиғаны лаңкестерге дем берушілердің Ресейге қапыда жасаған соққысы деп бағалады.

«Түрік әскери әуе күштерінің Ресей бомбалаушысын негізсіз атып түсіруі — екі жақты қарым-қатынастар үшін аса ауыр зардаптарға әкеліп соқтыруы мүмкін  күрделі оқиға», — делінген Тоқаевтың Твитердегі парақшасында.