$ 494.87  520.65  4.91

«Несімен еңбегі сіңді?»: тележурналист Қайрат Нұртасты марапаттаған әкімге шүйлікті

Сондай-ақ, әншілердің бүгінде халық арасында абыройы қалмағанын да атап өтті.
Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Тележурналист, продюсер Бибігүл Дәулетбек Қайрат Нұртасқа «Құрметті азамат» атағын берген Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовқа ренішін білдірді. Бұл туралы тележурналист өз Instagram-парақшасында жазды.

«Мынау рас болса, Шымкент әкімі Ғабидолла, ұят болған екен! Несімен еңбегі сіңді екен? Қашан қоясыздар әншілерді дәріптегенді? Мыңдаған балаларға білім берген қарт ұстаз неге «Құрметті азамат» атанбайды?», - деді Бибігүл Дәулетбек. 
Көп балалы анаға марапат берсеңіз, даңқыңыз артар еді деген журналист әбден көңілі қалғанын да айтты.

«Егер мынадай дарақылықты қоймасаңыз, Шымкент xалқы велосипедке отырғызып жібереді сізді! Ролс Ройспен жүрген әнші сіздің қоғамдық көлігіңізді қайтсін? Ал көп балалы ана мен ұстазға тегін жүру – арман», – деп ойын қорытындылады ол. 

Сондай-ақ, әншілердің бүгінде халық арасында абыройы қалмағанын да атап өтті. 

Еске сала кетейік, Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс 50-сессиясында шаһардың бірнеше тұрғынына мәртебелі атақ беру туралы шешімді депутаттар бірауыздан қабылдаған болатын. Олардың қатарында Қайрат Нұртас та бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары