$ 442.05  474.14  4.74

Қайрат Нұртас Шымкенттің «Құрметті азаматы» атанды

«Құрметті азамат» статусына ие болғандар әзірге тек қоғамдық көліктерде тегін қатынайды және арнайы аллеяда есімдері тақтайшада жазылады.
Фото: Hnews.kz
Фото: Hnews.kz

Шымкент қаласының «Құрметті азаматтарының» қатары тағы 10 адамға көбейді. Оның ішінде Рәшкүл Оспанәлиева, Қайрат Молдасейітов, Еркін Сатқанбаев, Наталья Романова және Қайрат Нұртас бар, деп хабарлайды otyrar.kz.
Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс 50 сессиясында қаланың бірнеше тұрғынына мәртебелі атақ беру туралы шешімді депутатар бірауыздан қабылдады. 

«Құрметті азамат» статусына ие болғандар әзірге тек қоғамдық көліктерде тегін қатынайды және арнайы аллеяда есімдері тақтайшада жазылады. Депутаттар бұл атақты алғандарға өзге де мәртебе беру мәселесін қолға алмақ.

Айта кетейік, «Құрметті азамат» атағы жылына бір рет салтанатты түрде 10 адамға беріледі. Бұл атақ Шымкент қаласына айырықша еңбегі сіңген, оның ішінде экономиканы, әлеуметік саланы, ғылым мен білімді дамытуға үлес қосқан, мемлекеттік және қоғамдық қызметте жетістігі бар, шығармашылықта, бизнесте, спортта, қайырымдылық шараларда белсенділік танытып жүрген азаматтарға беріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары