$ 444.32  473.33  4.76

Болашақта кейбір пәндер ағылшын тілінде оқытылады

2023 жылға қарай Қазақстанда мектептер үш тілде білім беру енгізіледі деп жосарлануда; жоғары сыныптарда ағылшын тілінде бірнеше пән өтетін болады, деді Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Мариям Мұқатова.

 

«Жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқыту төрт пән бойынша жүргізіледі, олар информатика, физика, химия және билогия ағылшын тілінде өтеді», — деді Мұқтарова Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Жол картасы аясында барша деңгейде үш тілді білімге көшудің кестесі даярлануда. Осы орайда жоғары сыныптарда білім беруді ағылшын тіліне ауыстыру кестесі де ескеріліп отыр.

«2017-2018 оқу жылында бесінші сыныпқа ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап оқып келе жатқан балалар келеді. Айта кетейік, 2013 жылы бірінші сыныптың бағдарламасына ағылшын тілі енгізілген болатын. Осы уақыттан бастап жоғары сыныптарда ағылшын тілін оқытуға көшудің даярлық кезеңі басталады», — деп тоқталды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары