$ 444.22  476.38  4.82

Қайрат Нұртастың концертінде Ресей эстрадасының жұлдыздары ән шырқайды

Танымал әнші Қайрат Нұртас өз шығармашылығының 10 жылдық мерейтойына орай Астана және Алматы қалаларының тұрғындарын бірқатар концерттерімен қуантпақ.

Алдын ала белгілі болғандай, Қайрат өзінің шығармашылық кешіне Индира Елемес, Нюша, Тимати, Сергей Лазарев, «Reflex» тобы және т.б. танымал жұлдыздарды арнайы шақырып, Елорда және Алматы тұрғындары мен қонақтарына ерекше сый жасамақ. Концертте әртістің көпшілік сүйіп тыңдайтын әндерімен қатар жаңа, заманауи форматтағы әндері де орындалады.

Жұлдыздың осынау ән кештері 12 желтоқсанда елордадағы "Астана-Арена" стадионында және 17-18 желтоқсанда Алматы қаласы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді деп жоспарлануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары