21.06.2019, 10:08

Қазақстан жақын арада жанармай экспорттайды

Фото: akchabar.kg
Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы серіктестеріміз – Беларусь пен Қырғызстан қазақстандық мұнай мен мұнай өнімдерін сатып алуға мүдделі екенін айтып өтті.

Қазақстан жуырда жанармай экспорттап бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, жаз басталғалы дизель отынының құны да біршама арзандап, литрі  191 теңгеге саудаланып отыр. Есептік кездесуде ведомство басшысы жанармай экспортына да тоқталды. 

«Осы айдан бастап Еуразиялық экономикалық одақ арқылы бензин экспортына жол ашылды. Жақын күндері қазақстандық жанармайдың алғашқы партиясын алыс шетелге жіберу жоспарланып отыр», - деді министр. 

Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы серіктестеріміз – Беларусь пен Қырғызстан қазақстандық мұнай мен мұнай өнімдерін сатып алуға мүдделі екенін айтып өтті.

«Шетелге шығарылатын АИ-92 маркалы жанармай 60-70 мың тонна болса, АИ-95-тің көлемі бастапқыда 10-15 мың тонна шамасында болады деп күтілуде. Бүгінгі таңда шетелдік контрагенттермен қазақстандық бензинді жеткізу бойынша келісімшарттар жасалып жатыр. Бірақ біз реэкспорттың мүмкін емес екендігін ескеріп, нақты талаптарымызды қойдық. Себебі бүгінде одақ аясында жеткізілетін тауарларға баж салығы салынбайды», - деді Қанат Бозымбаев.