Франция тұрғыны Лора Сега үнемі мұрнының ұшы қышығанын айтады. Алайда арада бірнеше ай өткеннен кейін мұрнындағы бөртпе ұлғайып кеткеннен кейін, 35 жастағы әйел алаңдап, дәрігерге жүгінген.
Әйелдің сөзінше, мұрнындағы «безеу» ұзақ уақыт кетпей қойған. Алайда дәрігер мұның инфекция екенін айтып, оған бактерияға қарсы иісмай жағуға кеңес беріпті. Арада біраз уақыт өткеннен кейін Лора дәл осы белгілермен емханаға қайтып келгенде, оны дерматологқа жібереді. Анықталғандай, әйел күнге қыздырынғанды ұнатқан екен. Сондықтан күннен қорғайтын иісмайларды сирек қолданыпты. Соның салдарынан ол терінің қатерлі ісігіне шалдыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап. Лора өзінің диагнозы туралы өткен жылдың қараша айында білген. Алайда ол йогамен айналысып жүргендіктен, отаны мамыр айында жасатуды ұйғарыпты. Дәрігерлер оған осылайша қатерлі ісіктің баяу дамитынын және осы уақыт ішінде сұмдық ештеңе болмайтынын айтып сендірген. Бірақ әйелге бірінші ота жасалғаннан кейін, артынша тағы екі ота жасауға тура келген. Оның барысында дәрігерлер пациенттің мұрнының ұшын кесіп алып тастады. Абырой болғанда, қазіргі уақытта Лора дертінен сауыққан. Ол қатерлі дерттің арқасында өмірге деген көзқарасының өзгергенін айтады. Ендігі ол жұмысын ауыстырып, көп уақытын күйеуі мен қызының жанында өткізгісі келеді.