$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте 4 адамның өліміне себепші болған "бай баласы" сотта кешірім сұрады

Шымкентте мас күйінде көлік жүргізіп, 4 адамның ажалына себепкер болған Мұрат Танкеев тергеу аяқталғанша екі айға абақтыға қамалды. Ол сот залында қаза болғандардың туыстарынан кешірім сұрады деп жазады KTK телеарнасы.

 

Мұрат Танкеев, күдікті:

- Қайтыс болған жанұядан кешірім сұраймын, халықтан кешірім сұраймын. Болған іске қатты өкінемін. Балаларын танитын едім Бекзатты. Суреттерін көрдім әкелерінің де. Бейнелері көз алдымнан кетпейді. Кешірім сұраймын. Кінәмді толығымен мойындаймын.

Қамауға алынған соң есі кіріп, кешірім сұрап жатқан ол жол апаты болған түні марқұмдардың туыстарын балағаттап басынған еді. Оңтүстікке танымал диірменшінің баласы тіпті ішкі істер департаментінде лауазымды қызмет атқаратын ағасын айтып қорқытқан. 24 жастағы Мұрат Танкеев сенбі күні Лексус-570 көлігімен қарсы бетке шығып кетіп Аудиді соққан еді. Салдарынан неміс көлігінің ішіндегі бір үйдің 4 адамы қаза тапқан. Екеуі 1 және 5 жастағы балалар. Апаттан соң оқиға орнынан қашпақ болған Танкеевті марқұмдардың туыстары жазаламақ болды. 24 жастағы бай баласы тек полицейлердің қорғаштауымен ғана аман қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары