$ 498.51  522.84  4.81

Есентаева шәкіртінен шындықты талап етті

Белгілі продюсер Баян Есентаева Мөлдір Әуелбековадан өзара кикілжіңнің себебін ашық айтуды талап етті. Продюсер бұрынғы шәкіртінің жолын кесушілердің бар екенін жиі айтатынын сынға алды.

"Түсінбеймін, неге менің басқа шәкірттерім осындай жағдайға тап болмайды?! Жанар, Кәмшат, Айдана, Әнел бұлай айтпайды. Неге тек Мөлдір “біреудің” оның жолына тосқауыл болатынын жиі айтады? Мүмкін оның себебі бар шығар? Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды ғой? Байғұс қызды қинап жүрген зұлым адамдар  кім? Не үшін? Сұрақ көп, жауап біреу ғана”, – деп жазды Есентаева Instagram парақшасында.

Баянның айтуынша, бұл сұраққа жауапты Мөлдірдің өзі жақсы біледі. Сондықтан ол Әуелбековадан шындықты айтуды талап етті.

“Мүмкін ашығын айтарсың? Әлде мен осылай қынжыла берем бе? Енді мұндай келеңсіздіктер болмайды деп үміттенем. Әйтпесе бұл сұраққа өзімнің жауап беруіме тура келеді. Кез келген бетке айтылған мәлімдемеде дәлел болу керек”, – деп түйіндеді продюсер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары