$ 448.15  483.46  4.86

Ғалымдар Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-ды Ә.Бөкейханның атына өзгертуді ұсынуда

ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Алаш» мәдени және рухани институтының директоры Сұлтан Хан Аққулы осылай деп мәлімдеді, деп жазады  strategy2050.kz 

«Ғалымдар тарапынан Әлихан Бөкейхан есімін Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетіне беру ұсынылуда. Еуразиялық зерттеу орталығына Л.Гумилевтің атын беру ұсынылды. Ұсыныс БАҚ өкілдеріне айтылды, болашақта одан жоғары тарапқа жеткізу қарастырылған», - деді С.Аққулы.

Айта кетейік, Парижде ЮНЕСКО Бас конференциясының 2-18 қараша аралығында болып өткен 38-сессиясы «мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жыл толуына арналған мерекелік шараларға қатысу туралы» өзінің Атқарушы кеңесінің  ұсынысын түпкілікті мақұлдады.

Ә. Н. Бөкейхан– ХХ ғасыр басындағы даңқты мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаушы, идеологы, саяси көсемі, Қазақтың автономиялық Алаш мемлекетін құрушы, оның басшысы әрі премьер-министрі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары