$ 494.87  520.65  4.91

Елбасы 30 қарашада халыққа кезекті жолдауын арнайды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 30 қараша күні Қазақстан халқына кезекті жолдауын арнайды деп хабарлайды "Новости-Казахстана" АА.

 

"ҚР Президенті жыл сайынғы халыққа арнаған жолдауын 30 қараша күні өткізеді" деп жазады портал сенімді дереккөздерге сілтеме жасап.

Айта кету керек, 18 қарашада Елбасының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев жыл соңына дейін халыққа жолдауын арнайтынын мәлімдеген болатын. Жолдауда алдағы дағдарыс жылдары атқарылатын шаралар қамтылады деп күтілуде.

Әдетте Мемлекет басшысының жолдаулары жыл басында жарияланатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары