Алматы облысының полиция қызметкерлері 40 жастағы әйелді зорлады деген күдікке ілінген екі адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz аймақтық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«19 маусымда Алматы қаласының тұрғыны Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөлімшесіне хабарласып, өзіне зорлық-зомбылық жасаған күдіктілердің нақты белгілерін айтып берген»,- делінген хабарламада.
Полицейлердің мәліметінше, жәбірленуші 1992 жылы туған күдіктінің бірімен таныс болған. Олар әйелді Есік қаласындағы қонақүйдің бірінде зорлаған.
Қазіргі таңда екі күдікті ұсталды. Ал үшінші қылмыскер іздестіріліп жатыр.