23.06.2019, 18:29

Жыл сайын көп балалы 6 мың отбасыға пәтер беріледі

Фото: glavred.info
Сондай-ақ ведомство өкілдерінің хабарлауынша, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау жұмыстарының аясында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағы жұмыссыз жүрген жастарға қажетті жалдамалы пәтер құрылысына 2019 жылға 7,2 млрд теңге қаралған.

Қазақстанда көпбалалы аналар үшін жылына 6 мың пәтер бөлініп отырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму мнистрлігіне сілтеме жасап.

«2019 жылғы бюджетті алғашқы рет нақтылау аясында Мемлекет басышысының Nur Otan партиясының XVІІІ съезінде тапсырған мәселелерін жүзеге асыруға және көпбалалы аналар үшін арендалық баспана салу мен сатып алу үшін өңірлерге 50 млрд теңге бөлінді. Жалпы алғанда, осы мақсатқа алдағы 7 жылға 350 млрд теңге қарастырылып отыр. Бұл жылына 6 мың көпбалалы ананы баспанамен қамтуға жеткілікті. 7 жылда берілетін пәтерлер саны 40 мыңға жетеді»,-делінген хабарламада. 

Сондай-ақ ведомство өкілдерінің хабарлауынша, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау жұмыстарының аясында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағы жұмыссыз жүрген жастарға қажетті жалдамалы пәтер құрылысына 2019 жылға 7,2 млрд теңге қаралған.

«Әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға арналған жалдамалы тұрғын үй салуға бөлінген 35 млрд теңгенің 2,2 млрд теңгесі қайта жолданды. Қосымша республикалық бюджеттен 5 млрд теңге бөлінетін болды. Осылайша, алдағы 3 жылда жас мамандарға арналған 3 мың баспананың құрылысына 21,6 млрд теңге қарастырылып отыр»,-деп нақтылады министрлік өкілдері.    

Министрлік өкілдерінің хабарлауынша, «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында жылына 12,16 млн шаршы метр баспана салу жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде 650 мың отбасы немесе 2 млн адам баспаналы болады.