$ 445.66  474.58  4.78

Енді фотошоппен өңделген суреттерді анықтауға болады

Ақпаратта айтылғандай, бұл жүйенің дәлдігі - 99 пайыз.
Фото: Kwork
Фото: Kwork

Adobe компаниясы Берклидегі Калифорния университетінің ғалымдарымен бірлесе отырып фотошоппен өңделген суреттерді анықтайтын алгоритм жасап шығарды, деп жазды Қазақпарат Adobe компаниясына сілтеме беріп. Ақпаратта айтылғандай, бұл жүйенің дәлдігі - 99 пайыз.

«Ғалымдар суреттерді өзгерту технологияларының жылдам дамып жатқанына алаңдаушылық білдіріп жүргеніне бірнеше жыл болды. Мысалы, былтыр MIT инженерлері суреттегі объектілерді танитын нейрожүйе жасап шығарған еді. Сонымен қатар портреттерді қысқа видеоға айналдыратын алгоритм де жасалған болатын. Енді Adobe мамандары өзгертілген суреттерді анықтауға мүмкіндік берді. Әзірге олар Photoshop бағдарламасында Face Aware Liquify құралына қатысты өзгерістерді анықтайтын жүйе жасап шығарды. Бұл құрал көбіне беттің формасын немесе мимиканы өзгерту барысында жиі қолданылады», деп жазады автор.

Оның айтуынша, ғалымдар алдымен интернеттен мыңдаған адамның портретін көшіріп алған. Одан кейін аталған құрал арқылы суреттерге өзгеріс енгізілген. Нәтижесінде алгоритм тек өзгертілген суреттерді танып қана қоймай, өзгертілген жерлерді де 99 пайыз нақтылықпен көрсетіп берген.

«Әзірге нейрожүйе тек бір құралмен жасалды. Дегенмен бұл зерттеу - осы саладағы алғашқы қадамдардың бірі», деп жазады автор.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары