$ 495.2  522.34  4.94

29 жастағы бойжеткен ата-анасының «барби-қуыршағына» айналған (ФОТО)

Анасы қызын сәби кезінен «барби-қуыршаққа» қатты ұқсатып өсірген. Ашық түсті киімдер, ойыншықтары, бөлмесінің дизайны, келбетіне дейін сұлулықтың эталоны - тірі қуыршақ.

Анжелика Кенова Курган қаласында бай отбасында дүниеге келген. Анасы қызын сәби кезінен «барби-қуыршаққа» қатты ұқсатып өсірген. Ашық түсті киімдер, ойыншықтары, бөлмесінің дизайны, келбетіне дейін сұлулықтың эталоны - тірі қуыршақ. 

Жасөспірім кезінде Анжеликаға жеке тренер, шаштараз, бет күтімін қадағалаушы жалдаған. Оның күнделікті өмірі спортзалда, дұрыс тамақтанып, өзін-өзі күтумен өтеді екен.

Бизнесмен әкесі әйелінің бұл қылығына еш қарсылық танытпайды, керісінше сол үшін қомақты қаржы бөліп, қызының тірі қуыршаққа айналуына қолдау көрсетеді.

Қызының сұлулығының арқасында бұл жанұяға Мәскеуге көшуге мүмкіндік туып отыр. Модель қызға ата-анасы әлі күнге дейін киімді, хоббиін, тіпті араласатын достарына дейін өздері таңдап береді екен.
Анжеликамен кездесуге ынтызар жігіт оның анасына жеке куәлігін қалдыруға міндетті. Тіпті күзетшілер қадағалауында болады. Себебі күзетшілер «барбидің» жанынан бір елі алыстамаған. 

Тірі барби психолог мамандығын меңгергенімен, адамдармен араласу кезінде қымсыну мен балалығы қалмағаны байқалып тұрады» - дейді курстастары.

Ата-анасының ойымен өмір сүретін Анжеликаның Instagram-парақшасында жалаңаш немесе іш киіммен түскен суреттері толып жүр. 

Моделдік жолда жүрген қыздың осы өміріне еш өкпесі жоқ, керісінше өз образына көңілі толады. Әзірге өміріне өзгеріс енгізу ойында жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары