$ 494.87  520.65  4.91

Кешіккен жедел жәрдем дәрігерлері соққыға жығылып, жансақтау бөлімінде түсті

Алматыда жедел жәрдем қызметінің екі дәрігері соққыға жығылды деп хабарлады журналистерге қалалық денсаулық сақтау басқармасынан.

«Шабуыл бүгін түнде үште болған. Жапа шеккен екі дәрігердің бірі ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түсті», — деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұл бірінші жағдай емес, қызметтік міндеттерін атқару кезінде дәрігерлерге шабуыл жасау кейінгі кезде жиілеп кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары