Алматыда жедел жәрдем қызметінің екі дәрігері соққыға жығылды деп хабарлады журналистерге қалалық денсаулық сақтау басқармасынан.
«Шабуыл бүгін түнде үште болған. Жапа шеккен екі дәрігердің бірі ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түсті», — деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұл бірінші жағдай емес, қызметтік міндеттерін атқару кезінде дәрігерлерге шабуыл жасау кейінгі кезде жиілеп кеткен.