23 маусымда 5-қабаттан 10 жасар бала құлап, қалалық ауруханаға ауыр жарақаттарымен жеткізілді, деп хабарлайды Newtimes.kz Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, ата-аналар өз балаларының өміріне бей-жай қарайды. Ойын баласы көзден таса болған жағдайда алаңдаушылық білдіруі тиіс. Соның кесірінен балалардың терезеден құлап кетуі жиілеп барады екен.
«Жыл басынан бері елордада терезеден құлаған 9 бала тіркелді, біреуі қайтыс болды», - деді Нұр-Сұлтан қаласы ПД-нің баспасөз қызметі.