Жарылыс аймағынан 20 шақырым қашықтықтағы жерде артиллериялық снаряд құлаған, деп жазады Newtimes.kz.
Жарияланған суреттен «Газель» жүк көлігі мен жол учаскесі зақымдалғанын байқауға болады.
Бұған дейін Арыс қаласындағы әкери қару-жарақ қоймасындағы жарылыс болғанын жазған едік.
Кейін тұрғындардың қауіпсіз жерге көшіріліп жатқаны жайлы ресми ақпарат тарады.
Сондай-ақ, заңгер Айгүл Орынбек Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына видео жариялап, ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа шара қолдануды сұрады.
Соңғы мәліметте 34 адамның дәрігер көмегіне жүгінгені хабарланған. 3 адам ауыр жағдайда.
Арыста тағы бір жарылыстың видеосы жарияланған болатын.