$ 445.66  474.58  4.78

Толық қызға үйленген еркектер өзін 10 есе бақытты сезінетіні рас па?

Доктор Эдгардо Моралес пен доктор Филемон Альварадо толықша келген аруларға үйленген ер азаматтардың мінсіз дене бітіміне ие қыздарға үйленген жігіттерден он есе бақыттырақ болатынын мәлімдеді.
Фото: LiveJournal
Фото: LiveJournal

Мексика Ұлттық автономдық университетінің психология департаменті зерттеушілері толық қызға үйленген жігіттердің бақыттырақ болатынын анықтады. Бұл туралы elise.com.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ. хабарлайды.

Доктор Эдгардо Моралес пен доктор Филемон Альварадо толықша келген аруларға үйленген ер азаматтардың мінсіз дене бітіміне ие қыздарға үйленген жігіттерден он есе бақыттырақ болатынын мәлімдеді. 

Олар бұл тұжырымына дәлел ретінде келесі жағдайларды тізбектеді:

1. Толық қыздар спортзалға жазылуға қосымша ақша сұрап, мазаңды алмайды;

2. Олар диетаға отырып, фигурасын сақтау үшін сабылып жатпайды. Сол себепті, онымен сүйікті кафеңізге барып, тойып тамақтана аласыз;

3. Толық қыздардың дені әзілге жақын әрі көңілді келеді;

4. Толық қыздар құшақтағанға жұмсақ келеді;

5. Олар жиі әрі дәмді тағамдар әзірлейді;

6. Сіз тамақтану кезінде олармен ешуақытта жалғызсырамайсыз;

7. Олар өзін жасанды ұстаудан қашан да аулақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары