$ 444.22  476.38  4.82

Варикоз қан тамырларын емдеудің жолдары

Варикозды тамыр созылуынан және икемділігін жоғалтқаннан пайда болады, қабынуға әкеліп соғады.

Варикоз – әйелдер арасында кеңінен таралған ауру түрі. WMJ.RU тілшілері флебологтан бұл аурудың қалай пайда болатынын, алдын-алу шараларын және емдеу жолдарын анықтады. 

Варикозды тамыр созылуынан және икемділігін жоғалтқаннан пайда болады, қабынуға әкеліп соғады.
Варикозды тамырдың пайда болуының ең үлкен себебі – тұқымқуалаушылық. Ол көбіне 30-дан 40 жасқа дейінгі аралықта пайда болады. Егер осы аралықта бұл аурудың белгісі білінбесе, онда ешқашан шықпайтыны анық.

Ұзақ отыру, аяқты аяққа салып отыру варикоз тудырмайды. Ол қате түсінік. 
Ауруды нақты анықтау үшін міндетті түрде дәрігерден кеңес алған жөн. 

Варикозды емдеу кезінде темекі мен алкогольді ішімдіктерден аулақ болған абзал. Физикалық қозғалыстан да бас тартыңыз. Емделерде трикотажды киім киіп, варикозға арналған жаттығуларды істеп жүруі керек. Әсіресе, бұлшық еттердің белсенді жұмысына бағытталған қозғалыстар: велоспорт, жүзу, шаңғымен жүру. Спорттан мүлде бас тартудың қажеті жоқ.

Өз уақытында емделу – отадан сақтайды, ең бастысы флеболог маманмен асқынбай тұрып, дер кезінде кеңесіңіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары