Арыста әскери қоймада болған жарылыстар салдарынан 19 тұрғын үй өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ақпарат агенттігі.
«Қалада 23 өрт сөндіру техникасы жұмыс істеп жатыр, 19 тұрғын үйде және 9 шаруашылық ғимараттарда шыққан өрт сөндірілді, сондай-ақ 14 табиғи өрт шықты - бұл жазықтағы шөп», - деді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев үкімет отырысында.
Қазіргі уақытта снарядтардың жарылуы мен ұшуына байланысты әскери бөлімшенің қоймаларында шыққан өртті сөндіру мүмкін болмай отыр екен.
Халықты эвакуациялау, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету үшін ішкі істер органдарының қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылды. Барлығы 1,2 мыңнан аса адам.
Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде "Қауырт желісі" жұмыс істейді - тәулік бойы 8 (7252) 44-94-72.