$ 498.34  519.72  4.85

«Әрең құтылдық»: жарылыс боп жатқан жерден видео түсірген жігіт оқиғанын қалай болғанын айтты (ВИДЕО)

Алматылық 27 жастағы Исатай Әлібаев үйленген, төрт ай бұрын әке атанған - қызды болған. Әскерге ол 2011 жылы шақыртылып, содан бері лейтенант шеніне дейін қызмет еткен.

Арыста жойқын апат болған кезде оқиға орнынан видео түсірген сарбаз төтенше жағдай кезінде ата-анасына арнап қалай соңғы видеосын жазғанын әңгімелеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматылық 27 жастағы Исатай Әлібаев үйленген, төрт ай бұрын әке атанған - қызды болған. Әскерге ол 2011 жылы шақыртылып, содан бері лейтенант шеніне дейін қызмет еткен.  

Оның айтуынша, оқиға болып жатқан кезде жағдайды бағамдау қиын болған. Ер адам бомбалау басталып кетті ме деп ойлаған.  

«Мұның бәрі сағат шамамен 9.15-9.20 аралығында болды. Снаряд ұшып жатты, жарылып жатты, жарылыс толқыны болды. Бізді бомбалап жатқандай әсер болды. Қорғаныс пунктінде жасырынасың, ол қирап, одан да қайыр жоқ. Бәрі сілкініп, қирап жатыр. Әрең құтылдық, екі-үш метр жерден сынықтар ұшып жатты», - дейді Исатай. 

Лейтенант Әлібаев бірнеше метр жерде снаряд түсіп, жарылып жатқанда өлемін деп ойлаған. Соңғы әрі жалғыз тілегі ата-анасын жақсы көретінін айтып, өсиет қалдыру болыпты. Осылайша Исатай Қазнетке тараған видеоны түсірген.

«Ойлап көріңіздерші - кез келген сәтте өліп кетуім мүмкін еді. Өлім алдында ата-анаммен шынымен қош айтысып, жақсы көретінімді айттым. Бірақ кейін сабыр сақтап, берген антымды орындауды ұйғардым, не істеуім керектігін ойландым. Көп ойланбай ақыры өлсем, ата-анама қош бол айтып, қолымнан келсе адамдарды құтқаруға тырысайын дедім», - дейді ол.

Айта кетейік, күні кеше әлеуметтік желіде Түркістан облысы Арыстағы жарылыс боп жатқан жерден отбасына сәлем жолдаған әскеридің видеосы жарияланған болатын.

Кадрда әскери «Егер өліп қалсам... ата-анама сендерді жақсы көремін дегім келеді» деп көз жасына ерік береді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары