Әлеуметтік желіде Түркістан облысы Арыстағы жарылыс боп жатқан жерден отбасына сәлем жолдаған әскеридің видеосы жарияланды.
Кадрда әскери «Егер өліп қалсам... ата-анама сендерді жақсы көремін дегім келеді» деп көз жасына ерік береді.
Айта кетейік, бұған дейін Арыс қаласындағы әкери қару-жарақ қоймасындағы жарылыс болғанын жазған едік.
Кейін тұрғындардың қауіпсіз жерге көшіріліп жатқаны жайлы ресми ақпарат тарады.
Сондай-ақ, заңгер Айгүл Орынбек Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына видео жариялап, ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа шара қолдануды сұрады.
Соңғы мәліметте 34 адамның дәрігер көмегіне жүгінгені хабарланған. 3 адам ауыр жағдайда.
Арыста тағы бір жарылыстың видеосы жарияланған болатын.
Соңғы ақпараттарға сүйенсек, Арыстағы жарылыс болған аумақтан 20 шақырым қашықтықта снаряд құлаған.