$ 498.34  519.72  4.85

Алматылық 25 жастағы жігіт 3 баланың өмірін аман алып қалды

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің айтуынша, 26 маусым күні таңертең Ескелді ауданының Қарабұлақ кентінде тұрғын үйде өрт шыққан.

Жас жігіт үйдің өртеніп жатқанын көрген бойда ішке кіріп, 3 баланы құтқарып қалды, деп жазды Newtimes.kz. 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің айтуынша, 26 маусым күні таңертең Ескелді ауданының Қарабұлақ кентінде тұрғын үйде өрт шыққан. Оны байқаған 1994 жылғы Алмас Ризабеков жедел жәрдем бөліміне хабар беріп, олар келгенше іште қалған 3 баланың өмірін ажалдан аман алып қалған.  

«Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін балалардың даусын естіген жас жігіт үйге кіріп, терезелерді сындырып, ересектердің қарауынсыз қалған 2005, 2017 жылы туған қыздар мен 2012 жылы туған ұлды алып шыққан», - дейді ведомство. 

Өрт сөндірушілер тұрғын үйдің асханасы мен төбесі өртеніп жатқанын анықтады.  

«Өрт жарты сағаттың ішінде сөндірілді. Қызыл жалынның жалпы ауданы 27 шаршы метр. Өрт себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан», - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Батырлық танытқан 25 жастағы азамат жарақаттанған. Ол Ескелді аудандық орталық ауруханасына жатқызылды. 

Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына төнген қауіп жоқ. Ескелді ауданының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері балаларды туыстарына тапсырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары